Тик Ток желісіне Қазақстанда тыйым салына ма?

0

 Мәжілістің кулуарында журналистер Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға Тик Ток желісіне қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жақында Қырғызстанда тик ток желісіне тыйым салынған еді. Осы ретте елімізде де тик ток желісіне тыйым салынуы мүмкін бе?деп журналистер сауал қойды.

Тік Ток желісінде көбінесе балалар отырады. Ол жерде түрлі сөздер айтылады. Тіпті, адамдар бал ашып, болжаймын деп ақша жасайды. Кез келген мемлекетте бір жағдайға ғана қарап отырып шешім шығармайды. Барынша жан-жақты мәселені саралап, сараптап барып қана шешім шығарады. Комплексті қарап, комплексті түрде игеріп барып қана шешуге тырысады. Басқа сұрақ бойынша, барлық шешімді 100 пайыз тамаша деп айта алмаймыз. Барлық мемлекеттер қабылдап жатқан шешімді біз де ескеріп, ол тақырыпты игеріп, саралап көреміз, — деді Аида Балаева.

Министрдің айтуынша, бұл мәселені әлі қарастырып жатыр.

Қазіргі таңда әлеуметтік желілердегі материалдарда құқық бұзушылық фактілер өте көбейіп кеткен. Оның барлығы біздің ұлттық қауіпсіздігімізге ықпал тигізсе, әлбетте осындай шешім қабылдауға тура келеді. Бұл мәселесі әлі қарастырып жатырмыз. Талқылаулар әлі жүргіземіз, — деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.


ПІКІР ЖАЗУ