The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Бензин мен дизотынға жаңа баға: Шетелдіктер енді қанша төлейді

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бензин мен дизель отынына жаңа баға белгілейтін құжатқа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжатта мұнай өнімдерін бөлшек саудада стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы өткізудің шекті бағалары қосылған құн салығы есебімен мынадай мөлшерде белгіленген:

  • Аи-80 маркалы бензин – 1 литр үшін 89 теңге;
  • Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литр үшін 245 теңге;

Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 205 теңге;

Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін және мотоциклдерге, жеңіл, жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 205 теңге;

  •  дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литр үшін 315 теңге;

Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 295 теңге;

Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін және жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 295 теңге.

Ұқсас жаңалықтар

Қытайда Қазақстанның мәдени орталығын ашу мәселесі талқыланды

admin

ҚР Парламентінің сенат депутаттары Арыс қаласына іссапармен келді

admin

СОЗАҚТА МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

admin