«95 пайызға дайын». Петропавлда үй салу жұмыстары қалай жүріп жатыр
Петропавл қаласында су тасқынан үйі бүлінген азаматтарға арналып, 700 үй салынып жатыр. Қалаға қарасты “Солнечный 2” шағын ауданында 59 отбасына жаңа үйдің кілтін табысталмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі таңда шағын ауданда 100-ден астам үйдің құрылысы аяқталған. 270 астам азамат үй алуға өтініш беріп үлгерген. Ал үйлердің құрылысы 40 күннің ішінде біткен. Салынған бір үйдің жалпы құны — 27 миллион теңге.
Үй құрылысымен қатар балабақша, спорттық ойын алаңдарынының да жұмысы басталып кеткен.
Техникалық қадағалаушы Леонид Зацепаның сөзінше, шағын аудандағы құрылысқа су мен жарық толығымен жүргізілді.
Көбі 40-45 күн ішінде шатыры көтеріліп, салынып қойған үйге күмәнмен қарайды. Алайда, ештеңеден қорқудың керегі жоқ. Үй құрылысы арналған құрал-жабдықтардың бәрі заманауи әрі жаңа заттар. Сондықтанда құрылысшылар жылдам салғанымен, ол сапасына әсер етпейді, – деді Леонид Зацепа.
Ол “Солнечный-2” шағын ауданындағы жаңа үйлер 95 пайызға дайын екенін атап өтті.
Құрылыста күнделікті 500-600 адам жұмыс істеп жатыр. Олар күнде 8 сағат жұмыс істейді, бірақ кейде түнгі аусымға шығып тұрады. Ауданда тұрғызылған бүкіл үйдің аумағы й 80 шаршы метр. Ішінде пеш, тоңазытқыш, жылу жүйелері және үстелдер секілді базалық жабдықтармен де қамтылған, – деді Зацепа.
Сондай-ақ қосалқы мердігер Аман Дәулетбаев үйдің қауіпсіз аймақта салынғанын айтады.
Су тасқынынан зардап шеккен адамдың жай-күйін сезіндік. Оңай емес. Әр жұмысқа жауапкершілікпен қарадық. Жұмысшылар айлық жалақысын уақытылы алып отырады. Жұмыс тыңғылықты жүрді. Қазіргі салынып жатқан аумақ судан қауіпсіз аймақта орналасқан. Иә, барлық “қатырдық” деп кесіп айтуға болмайды, құрылыс аяқталмаған үйлер де бар. Дегенмен барынша тырысып жатырмыз, – деді ол.
Жұмыс бригадирі Жарқынбек Баймолдин құрылыс жұмыстарына әскери қызметкерлердің де көмектесіп жатқанын айтты.
Мұнда құрылысты жедел салуға жұмысшыларға бөлініп берілген. Біз бір айда 8 үйді аяқтадық. Жұмысшыларды тамақпен қамті мәселесіне келсек, ол әр адамның жеке келісіміне байланысты, – деді Баймолдин.