Семейден Алакөлге пойыз жүре бастады

0

 Жуырда «Семей-Достық» бағытымен Алакөлге жолаушылар пойызы жолға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Пойыз айдың тақ санды күндері жүреді. Бір уақытта 354 жолаушыны тасымалдай алады. Жол жүру уақыты 16 сағат 40 минут.

«Семей-Үржар» бағытындағы әуе рейстері аптасына 3 рет (маусым — тамыз айлары аралығында, аптасына 5 ретке дейін) қатынайды. Билет құны — 14 000 теңге.
Әуе қатынасын «Южное небо» әуекомпаниясы сыйымдылығы 50 адамға дейін АН-24 ұшағы арқылы жүзеге асырады.

Жаз мезгілінде облысымызда «Семей – Жалаңашкөл» бағытында әлеуметтік маңызға ие пойыз қатынайды. Арақашықтық – 731 шақырым. Күнара 7 вагоннан жөнелтілетін бұл бағыттағы жол жүру құны: плацкарт – 4 322 теңге, купе – 6 226 теңге.


ПІКІР ЖАЗУ