Бейжіңде «Орталық Азия-Қытай» форматы аясындағы ынтымақтастық талқыланды

0

 Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев «Орталық Азия-Қытай» форматы Хатшылығының Атқарушы директоры У Инцинмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ш. Нұрышев Қазақстан осы формат шеңберіндегі ынтымақтастықты толығымен қолдайтынын және өңірлік өзара іс-қимылды бірлесіп ілгерілетуге дайын екенін атап өтті.

Қазақстандық дипломат өзара тиімді жобаларды іске асырудың практикалық мәселелеріне және форматтағы елдер экономикаларының өсуінің жаңа нүктелерін іздеу қажеттігіне күш-жігер салуға баса назар аударды.

Өз кезегінде У Инцинь Сиань қаласында жаңадан құрылған «ОА-Қытай» форматындағы Хатшылықтың ағымдағы қызметі туралы және ынтымақтастықтың бейіндік тетіктерін дамыту жөніндегі алдағы жоспарлар туралы хабардар етті.

2023 жылғы мамырда өткен «ОА-Қытай» мемлекет басшылары саммитінің қорытындысы бойынша «Сиань декларациясына» қол қойылды және ынтымақтастықтың 19 тетігін құру туралы және 54 бастамалар мен ниеттерден тұратын уағдаластықтар тізбесі қабылданды.

2024 жылғы 30 наурызда Сиань қаласында «ОА-Қытай» форматындағы Хатшылықтың ашылу салтанаты өтті.


ПІКІР ЖАЗУ