The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Тасмағамбетов Президентке Ұйым жоспарының орындалу барысы жөнінде мәлімет берді

 Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Ұйымның Қазақстан төрағалығы кезеңіндегі негізгі міндеттерін жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ның жарғылық жұмысында Ұйымға мүше барлық мемлекет үшін анағұрлым өзекті әрі сұранысқа ие бағыттарға назар аудару қажет екенін атап өтті.

Оның пікірінше, терроризм, есірткі мен қарудың заңсыз айналымы, ақпараттық саладағы қылмыс секілді сын-қатерлерге қарсы күрес мәселесіне айрықша мән берген жөн.

Президент өңірлік қауіпсіздікті нығайту мақсатында басқа да халықаралық құрылымдармен конструктивті ынтымақтастықты жолға қою маңызды екенін айтты.

Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің былтыр қараша айында өткен сессиясында Қазақстанның бастамасымен қабылданған Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы жөнінде мәлімет берді.

Кездесуде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына және еліміздің аумағында өтетін оқу-жаттығу жиындарына дайындық мәселесі қарастырылды. 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Түркияның халықаралық жүк тасымалы саласындағы ынтымақтастық туралы заң қаралды

admin

Түркістан: Созақ ауданында 14 мыңнан аса көшет егілді

admin

ШЫМКЕНТ: «Зертас» фермасы жылына 1000 тоннадан аса сүт өндіреді

admin