The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Президент Пәкістан Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

 Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Пәкістан тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф бір-бірін Құрбан айт мейрамымен құттықтады.

Тараптар екіжақты қатынастардың перспективті бағыттарына айрықша мән берді.

Мемлекет басшысы екі елдің көпжақты ынтымақтастығының қозғаушы күшіне айналып келе жатқан экономикалық кооперацияның әлеуеті зор екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, Қазақстан мен Пәкістанның халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастығына қатысты мәселелер, соның ішінде алдағы уақытта Астанада өтетін ШЫҰ саммитінің күн тәртібі талқыланды.

Ұқсас жаңалықтар

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін салық жеңілдіктері қалай жұмыс істейді?

admin

Құрсайлықтар әлі күнге суға жарымай отыр

admin

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ҚАЛАЙ ШЕШІЛЕДІ?

admin