The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Атырауда көкөніспен қамтамасыз етіп отырған қожалықтар тасқыннан зардап шеккен жоқ

 Атырау облысының тұрақтандыру қорын көкөніспен қамтамасыз етіп отырған қожалықтар тасқыннан зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің директоры Қайсар Құрманалиевтің айтуынша, төтенше жағдай кезінде «Агрофеликс», «Қызанақ агро», «Отбасы» шаруа қожалықтарының егістік алқаптары зардап шекпеген.

Қазіргі уақытта аталған қожалықтардың егін алқаптарында маусымдық жұмыстар жалғасуда. Аталған қожалықтармен маусым аралық кезеңге әлеуметтік маңызы бар картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат өнімдерін өсіріп, сақтау, сату бойынша келісім жасалған болатын. Жалпы, аталған қожалықтар арқылы Тұрақтандыру қорына жеткізілетін ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі 5667 тонна болады. Тұрақтандыру қоры аясында көкөніс нарық бағасынан төмен болады, — деді “Атырау” әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ Азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің директоры Қайсар Құрманалиев.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда кептеліске қарсы жаңа жол белгілері пайда болды

admin

Екібастұздық 50 бала қысқы демалысын Түркістанда өткізеді

admin

Сайрам: үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті

admin