The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Алдағы үш күнде ыстық ауа райының беті қайта ма

 Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы 20-22 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, батыста аптап ыстық басылып, жаңбыр жауады.

Алдағы күндері Қазақстанның батысында бірнеше күн бойы қалыптасқан аптап ыстықтың беті қайтады, 22 маусымда жауын-шашынның әсерінен ауа температурасы өзінің климаттық қалпына оралады. Еліміздің солтүстігі мен орталығында жауын-шашын аздап тоқтағаннан кейін, жаңбыр жауады, найзағай, кейбір аймақта қатты жаңбыр, бұршақ және қатты дауыл соғады деп күтілуде. Ал республиканың оңтүстігіндегі таулы аудандарда күндізгі конвекция әсерінен әлі де тұрақсыз ауа райы болады. Тек шығыс аймақтарда айтарлықтай жауын-шашын болмайды, — делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Кино және анимациялық туындыларды шығару – еліміздің тарихын танытып, көрнекті жерлерін насихаттау

admin

Референдум: Түркістан облысының ең қарт тұрғыны таңдау жасады

admin

Түркістан облысында мақта кластерін дамыту жұмыстары пысықталды

admin