The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Жетісудағы Сарыөзек-Көктал жолы келер жылы бітеді

 Мұны премьер-министр Олжас Бектенов Жетісу облысының әкімдігіне міндеттеді. Биыл Сарыөзек – Көктал жолы 60 пайызы аяқталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін Үкімет басына Жетісу облысындағы автожолдарды дамытуға қатысты депутаттардың сауалнамасы жолданған еді. Соған орай премьер-министр арнайы тапсырма берді. 

Жетісудағы Сарыөзек-Көктал жолының жалпы ұзындығы 178 км құрайды. Былтыр 42 км жолды, яки 68-110 км орташа жөндеу жұмыстары тәмамдалған. Бүгінде 85 км жол орташа және күрделі жөндеумен қамтылған және осы жылдың соңына дейін 23 км, яки 45 – 68 км пайдалануға беріледі. Қалған 62 шақырым жол 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға берілетін болады, — деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, Сарыөзек – Көктал жолының 51 шақырымына сыртқы қаржыландыру көздері есебінен орташа жөндеу жүргізіледі. Бұл респудликалық маңызы бар жолдың сапасын жақсартуды үлкен рөл атқармақ.

Одан бөлек, облыстық маңызы бар Лепсі – Ақтоғай автомобиль жолының жалпы ұзындығы 110 км құрайды. 2021 жылы сол жолдың  35 шақырымына реконструкциялау жұмыстары жүргізілген еді. Осы күні сол жолдың ұзындығы 75 км (35 – 110 км) қалған учаскесін реконструкциялау жұмыстары атқарылып жатыр. 

Сарыөзек-Көктал жолында былтырдан бері құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Аса ұзақ жол емес, 2-3 жылдап жасайтындай. Тезірек бітіргені абзал болатын еді. Ары-бері қатынаған халыққа ауыр, оның үстіне көлік жүргізушілері көлігінің дөңгелегі жиі жарылатынын айтады. Қалаға апаратын тас жол осы, — дейді Сарыөзек ауылының тұрғыны Асланбек Асанбаев.

Айта кетейік, премьер-министр Олжас Бектенов Жетісу облысының әкімдігінің алдына келер жылдыңаяғына дейін осы жолды реконструкциялауды толығымен аяқтау міндетін қойды. 

Ұқсас жаңалықтар

Әскери қызметшілер су тасқыны салдарын жоюға қатысып жатыр

admin

Қазақстан мен Қырғызстан бір-біріне құтқару жұмыстарына көмек көрсетеді

admin

Түркістандағы азық-түлік белдеуін қалыптастыру жобасы жемісін беріп жатыр

admin