The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Ақтөбеде прокурорлар жалған діни пансионаттарды таратты

Ақтөбе қаласы прокуратурасымен балалар пансионаттары түріндегі қайырымдылық мекемелерін тексеру барысында қолданыстағы заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәселен, Ақтөбе қаласындағы «Актөбе» және «Ақжар» пансионаттарының тәрбиеленушілерінің жеке істерін зерделеу барысында, тәрбиеленушілердің діни әдебиеттерді пайдаланғаны, сонымен қатар, жеке істерінде діни жазбалары бар дәптерлердің бар екені анықталды.

Іс жүзінде мекемелердің қызметі олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келеді.

Қайырымдылық мекемелері қызметінің діни бейімділігі, балалар мен тәрбиешілердің сауалнамаларымен де расталды.

Сонымен қатар, обьектілерде санитарлық-эпидемиологиялық, өрт, еңбек заңнамасының талаптары бұзылған.

Аталған мекемелер өз қызметін санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыларсыз жүзеге асырған.

Балалардың тиісті білім алуға, тәрбиеленуге және дер кезінде медициналық көмек алуға құқықтары мен бостандықтары айтарлықтай бұзылған.

Қазіргі уақытта сот Ақтөбе қаласы прокуратурасының талап-арызы бойынша 2 пансионатты «Актөбе» және «Ақжар» тіркеуден айырып, таратты.

Ұқсас жаңалықтар

Ұлағатты ұстаз Ахметов Батырбек Тыныбекұлын еске алуға арналған жыл сайын ұйымдастырылатын турнир өтті

admin

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 777 млн теңгеден астам қаражатты қайтарды

admin

В Алматы отметили Международный день молодежи

admin