The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Су тасқыны. Құлсарыда 10 шақырым жол қалпына келтірілуде

 Құлсары қаласының 110 көшесінде жалпы ұзындығы 31,8 шақырым болатын жолдарды асфальттау жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Құлсары қаласында су тасқыны кезінде шайылған 10 шақырым жолды қалпына келтіру басталды. Жылыой аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоғамдық көлік және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекет Бозжігітовтің айтуынша, қазіргі уақытта Шәкіров пен Қожанов көшелеріндегі жолдар жөнделуде.

Тізімге Әбдірахманов, Сауран, Тайманов және Датов көшелері де енді. Бұдан басқа, Жылыой ауданын дамытудың кешенді бағдарламасына және қалаішілік автомобиль жолдарын жаңғыртудың үшінші кезеңіне сәйкес, Құлсары қаласының 110 көшесінде жалпы ұзындығы 31,8 шақырым болатын жолдар төселуде. Құрылысты ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда, — деді Бекет Бозжігітов.

Айта кетейік, Құлсарыда қалаішілік автомобиль жолдарын реконструкциялаудың үшінші кезеңінің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу 2023 жылдың шілдесінен бастап жүргізілуде. Қазіргі уақытта ірі түйіршікті асфальтбетонымен 31,8 шақырым автожол, ұсақ түйіршікті асфальтбетонмен 18 шақырым жол толығымен асфальтталған.

Ұқсас жаңалықтар

ТУРКЕСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ВСТРЕТИЛСЯ С РУКОВОДИТЕЛЯМИ ХЛОПКОЗАВОДОВ

admin

Жетісайда 16 мыңнан астам «Батыр ана» тұрады

admin

Қостанай облысында зардап шеккендерге төлемдерді төлеу басталды

admin