The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Нұрлан Қоянбаев жаңа қызметке тағайындалды

 Актер әрі шоумен Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол креативті индустрияны дамыту мәселелерімен айналысатын болады.

Өңір әкімі Дархан Сатыбалды тиісті жарлыққа қол қойды.

Продюсер, тележүргізуші, әрі актер Нұрлан Нұғманұлы Қоянбаев 1979 19 шілдеде Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. 

«Қазақтар» КВН командасының және «Astana.kz» капитаны, «Respublica» саяси партиясы тең төрағаларының бірі. 

Qazaqstan телеарнасындағы «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» телешоуының жүргізушісі болды.

«Қазақша бизнес Америкада», «Таиландтағы демалыс», «Қазақша бизнес Африкада», «Қазақша бизнес Кореяда» фильмдерінің және «Үзілмес Үміт» телесериалының бас продюсері және жетекші актері, «Kazteleproduct» кинокомпаниясының негізін қалаушы.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: С.Бәйтереков көшесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

admin

ШЫМКЕНТ: «Шаңырақ» несиелік бағыты аясында 500-ден аса азамат сатып алу туралы келісім шартын жасасты

admin

Абай облысында жаңа су қоймасы салынады

admin