The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Сенатор Жамбыл облысын аралады

 ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков Жамбыл облысында болған кезде ұзындығы 6,138 км болатын М-1 жылу жүйесін жаңғырту жұмысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Депутат құбырлардың тозу дәрежесі 68%-ға жеткенін, ал қайта құру жұмыстары 19 сәуірде басталып, жыл соңына дейін аяқталатыны туралы хабардар болды.

Депутат Төле би даңғылындағы 11 үйдің қасбеттері мен шатырларын жөндеу жұмысымен және 24 көпқабатты үйдің кескін-келбетін жаңарту барысымен де танысты. Сенатор Тараз қаласындағы 2023 жылы 7 256 үй сумен қамтамасыз етілген «Құмшағыл», «Шөлдала» және «Казарма» саяжайларындағы магистральдық су құбырының құрылысын көріп шықты. Қазіргі кезде орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген халықтың үлесі 97%-ға дейін өсіп отыр. Депутат барлық жұмыстарды сапалы орындау мен апаттардың алдын алу үшін инфрақұрылымды жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.

Сенатор Байзақ ауданындағы 45 орындық ауылдық дәрігерлік емдеу мекемесінде, Сарыкемер ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен Көптерек ауылдық округіндегі 90 орындық мәдениет үйінің құрылысын аралады. Сенатор жергілікті атқарушы органдар тарапынан құрылысты қатаң бақылаудың және осы жылы объектілерді пайдалануға беруді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: арыстық қайырымды азаматтар 140 отбасыға қуаныш сыйлады

admin

Құрамында әйел бар. Сирия билігі жаңа үкімет жасақтады

admin

Грекия-Қазақстан 5-0: Футболшыларымыз Еуро-2024-ке жолдамадан қағылды

admin