Астанада этникалық сән апталығы өтті

0

 Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Bozjyra Fashion Week Astana 2024 сән апталығы  өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл – Түркі әлемі халықтарының мәдениетін жаңғыртуға, заманау интерпретациядағы этникалық сәнге арналған Қазақстандағы жалғыз сән апталығы.

Сән апталығының әр маусымында тарихта өшпес із қалдырған Ұлы дала әйелдері туралы баяндалады. 2024 жылғы апталықтың тақырыбы Лондонды бағындырған XVI ғасырдағы қазақ ақсүйектерінен шыққан Ару Сұлтанға арналды.

Этникалық сән апталығына Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Грузия дизайнерлері қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Bozjyra Fashion Week–  болашақта әлемдік этникалық сәнге әсер ете алатын тұтас қауымдастық құратын түркі әлемі дизайнерлерінің бірлестігі. 

Сән апталығының ерекшелігі – Bozjyra Fashion Week «Жібек жолы» елдерін аралап, қазақстандық дизайнерлердің елден тыс жерлердегі жұмысын көрсетуге бағытталған көшпелі апталық.


ПІКІР ЖАЗУ