The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістанда «Серпін» бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтіп жатыр

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-да «Серпін-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі оқу орындарының өкілдері облыс жастарына жан-жақты мәлімет беруде.

 «Серпін — 2050» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру.

«Серпін — 2050» мемлекеттік бағдарламасымен грант негізінде оқуға түскен студенттер жатақханамен қамтамасыз етілетіндігі және оқу бітірген соң жұмысқа тұруға университет ықпал жасайды.

Биыл бағдарлама шеңберінде елімізде 3653 грант бөлінген.

Осы жылы 800-ден астам түркістандықтар грантқа ие бола алады

«Серпін» бағдарламасы елімізде 2014 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатыр

Ескерту: Бағдарлама тек ауыл түлектеріне арналған. Ақпараттандыру жұмыстары 20 шілдеге дейін жүзеге асады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында су арнасын бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр

admin

Иран Еуропаға Гренландияны қорғауға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді

admin

«SHANYRAQ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ШАРАПАТЫ КӨП

admin