Сайрам: заңсыз салынған құрылыс нысандарын зерделеу туралы мәселелер талқыланды

0

Аудан әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен Жаңақұрылыс аумақтарына инфрақұрылым жүйелерін жүргізу және заңсыз құрылыс нысандарын зерделеу бойынша жиын өтті. Жиын барысында ауылдық округ әкімдері мен тиісті бөлім басшылары аталған тақырып аясында баяндама жасады. Қазіргі кезде  аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің тарапынан аудан көлемінде заңсыз салынған бірқатар кәсіпкерлік нысандар анықталғаны айтылды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі бекіткен «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына» сәйкес, жеке және заңды тұлғалар елді мекеннің аумағында құрылыс салуды осы қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Аталған қағидалардың 2-бөлімінің 5-тармағына сәйкес, елді мекендердің аумағында әртүрлі мақсаттағы объектілерді өз бетінше салуға жол берілмейді.

Жауапты тұлғалар өз сөзінде, жоғарыдағы талап орындалмаған жағдайда, қажетті құжаттар жинақталып, жер саласындағы жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган —  Сайрам ауданы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына, жергілікті атқарушы органға «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске» сәйкес шаралар алу үшін жолданатынын жеткізді.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы ауыл округ әкімдері мен аудандық жер қатынастары бөліміне жоспар бойынша тұрғын үй құрылысы үшін бөлінетін телімдерді мемлекет мұқтажына қайтару бойынша тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды. Ал, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне бос жерлерге тартылатын инфрақұрылым жүйелерінің қосылу нүктелерін зерделеп, жобалау сметалық құжаттарын дайындауды ұсынды.  

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ