Сайрам: аудан орталығын абаттандыру мәселесі талқыланды

0

Аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев мемлекетіміздің және қоғамымыздың көрнекті қайраткері Қуаныш Айтаханұлымен бірге Ақсу ауылындағы абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан Қ.Жандарбеков көшесін арнайы аралады. Аралау барысында «Ынтымақ» саябағын қайта құру және «Арбат» құрылыс нысаны жиектерін жасыл желекке жамылдыру мәселелерін талқылады.   

Айта кетейік, бүкіл өмірін халқының игілігіне жұмсап келе жатқан,  ҚР Парламент Сенатының депутаты, Сайрамнан бастап бірқатар аудандарда әкімдік қызметті тізгіндеген Қуаныш Айтаханұлы аудан орталығындағы Мәртөбе алаңы, Абылайхан ескерткіші, Батырлар, Ардагерлер, Құрметті азаматтар, Халықтар достығы саяжолдарының ашылуына да атсалысты.

Аралау барысында бүгінде талай жылғы бейнетінің зейнетін көріп отырған Құрметті азамат Қуаныш Айтаханұлы бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстардың жас ұрпақты тәрбиелеу жолында маңыздылығы айрықша екенін атап өтті.

Өз кезегінде, аудан әкімінің орынбасары аталмыш орындарды абаттандыру, көшелерді көгалдандыру және инфрақұрылымдық желілердің тартылуы туралы өз жоспарларымен бөлісіп, мердігер мекеме өкілдері мен жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.  

Қазіргі таңда Қ.Жандарбеков көшесін абаттандыру жұмыстары  «Технический надзор» ЖШС-ның техникалық қадағалауындағы «Радикон» ЖШС мекемесі тарапынан жүргізілуде. 

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ