The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Сарыағаштық оқушылар мектеп оқушыларының XII жазғы гимназиадасында жеңімпаз атанды

Жыл сайынғы дәстүрге сай ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, мектеп оқушыларының XII жазғы гимназиадасы өтіп жатыр. Мақсат — оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар,  патриоттыққа тәрбиелеп, республикалық жарысқа қатысатын мектеп командасын анықтау.

Екі мыңнан астам оқушы сайыстың 52 түрі және спорттың 23 түрі бойынша өзара бәсекеге түсуде. Атап айтқанда,  үстел теннисі, футбол, регби, бадминтон, спорттық бағдарлау, корабль құрастыру, ұлттық спорт түрлері және т.б. спорттық додада шеберліктерін шыңдайды.

Сарыағаш ауданы білім бөліміне қарасты №27 Шәкәрім атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-11 сынып оқушыларынан жасақталған команда  Қызылорда қаласында өткен ұлттық мектеп ликасының республикалық кезеңінде «Үстел теннисінен» 1 ОРЫНДЫ иеленіп,  жеңіс тұғырынан көрінді.  Жаттықтырушысы- Бектұрсынов Ердәулет Мақсатұлы.

Айта кетейік, №27 Шәкәрім атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушылары былтырғы жылы да «Үстел теннисінен» жеңіске жетіп, чемпион атанған еді.

Жас спортшыларды жеңістерімен, мектеп ұжымы мен жаттықтырушысын жетістіктерімен құттықтаймыз!   

 Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Кентау: шұғыл қызметтердің жедел әрекет етуіне кедергі тудыратын жағдайлардың алдын алу қажет

admin

Оман жағалауында мұнай танкеріне шабуыл жасалды

admin

Түркістанда жазғы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

admin