ТҮРКІСТАН: Шардарада 500 адамды жұмыспен қамтитын зауыт салынып жатыр

0

Шардара ауданында 500 адамды жұмыспен қамтитын жүгері өңдеу зауытының құрылысы жүргізілуде. Өндіріс орны 2025 жылы толық іске қосылып, облыс аумағында ғана емес республика көлемінде танымал өнім шығаруға ниетті. Аудандағы индустриалды аймақта бой көтеріп жатқан «Казкрахмал» ЖШС-ға аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы барып, құрылыс барысымен танысты.

«Бізге қазірден тәжірибелі мамандарды даярлау қажет. Зауыт іске қосылғанға дейін жұмыс істеуге ниетті жандарды ақылы түрде тәжірибеден өткізіп, Жаркент ауданындағы «Казкрахмал» зауытында жұмыс істеп, тәжірибе жинауға шақырудамыз»- деді зауыт өкілі Руслан Каримұлы.

Зауыт жобасымен танысқан өңір басшысы Арман Романұлы өндіріс орнына әкімдік тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сонымен қатар, аудан әкімі тиісті сала мамандарымен бірге «Шардара-Шымкент» және «Шардара-Жаушықұм» автожолы мен «Болашақ» шағынауданынан ашылатын саябақтың құрылысымен танысты. 4 гектар аумақты қамтитын саябақтың құрылысы биыл аяқталады.

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев құрылыс нысандарын аралады. Ең алдымен Шардара  тиісті сала мамандарымен бірге Шардара-Шымкент трассасы мен Шардара-Жаушықұм трассасының қиылысқан тұсынан, «Болашақ» шағынауданынан ашылатын саябақтың құрылысымен танысты. 4 гектар аумақты қамтитын саябақтың құрылысы ағымдағы жылы аяталады.

Сонымен қатар аудан әкімі Арман Романұлы индустриялды аймақта салынып жатқан «Казкрахмал» ЖШС жүгері өңдеу зауытының құрылысымен танысып, өндіріс орнындағы мәселелерді талқылады.

«Өндіріс орны 2025 жылда толық іске қосылып, 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтитын боламыз. Бізге қазірден тәжірибелі мамандарды даярлау қажет. Зауыт іске қосылғанға дейін жұмыс істеуге ниетті жандарды ақылы түрде тәжірибеден өткізіп, Жаркент ауданындағы Шардарадағыдай «Казкрахмал» зауытында жұмыс істеп, тәжірибе жинауға шақырудамыз.»- деді зауыт өкілі Руслан Каримұлы.

Арман Романұлы зауыт басшылығына әкімдік тарапынан барынша қолдау көрсететінін жеткізді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі


ПІКІР ЖАЗУ