Түлкібас: этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен аналар кеңесінің төрайымдарымен еркін форматта кездесу өткізді
Қ.К.Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ «Бірлік, Жасампаздық , Өрлеу» сессиясындағы тапсырмасына сәйкес Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-Ң Түлкібас аудандық филиалының ұйымдастыруымен. Түлкібас аудандық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі,Медиация кеңесі және этномәдени бірлестік төраға-төрайымдары Түлкібас аудан әкімінің орынбасары Орманов Ербол Керімбекұлымен кездесу өтті.
Кездесуге: Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ң Түлкібас аудандық филиал басшысы Аманов Мақұлбек Керімбекұлы, Түлкібас ауданы әкімдігінің бөлім басшылары, Түлкібас аудандық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы мен мүшелері,Ауылдық округтерден сайланған Ақсақалдар кеңесінің төрағалары, Аналар кеңесінің төрайымен мүшелері, Ауылдық округтерден сайланған Аналар кеңесінің төрайымдары, Медиация кеңесінің төрағасы, ЭМБ төраға- төрайымдары қатысты.
Кездесуді: Түлкібас ауданы әкімі орынбасары модераторлық етті.
Күн тәртібінде: Түлкібас аудандық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Анашев Қалаубек Анашұлы, Түлкібас аудандық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Қуанышбекова Назым Райымбекқызы, Түлкібас аудандық Түлкібас аудандық Түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Абилов Жұмабек Жолшыұлы баяндама жасады.
Аудан әкімінің орынбасары Ербол Орманов аудандық, ауылдық ақсақалдар кеңесі, медиация кеңесі, және этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен аналар кеңесінің төрайымдарымен еркін форматта кездесіп, ауданымызды әрі қарай дамыту жөніндегі ұсыныс-кеңестерін тыңдап, қоғамдағы өзекті мәселелердің шешу жолдарын талқылады. Елдің, ауданымыздың тыныштығы мен бірлік ынтымақтастығымызды нығайту бағыттыранды атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде тоқталып кетті.
Көп жылдар бойы түрлі салада елеулі еңбек етіп, зейнеттік жаста жүрсе де қоғамдық жұмыстардан қалыс қалмай жүрген аға буын өкілдері мен ақ жаулықты аналарымыз ауданымызды көріктендіру, көгалдандыру және бала тәрбиесіне қатысты ұсыныс-пікірлерін аудан әкімінің орынбасарына жеткізіп, көкейлерінде жүрген өзекті мәселелерді тарқатты.
Ербол Керімбекұлы әр айтылған ұсынысты мұқият тыңдап, айтылған ұсыныстарға қолдау көрсететіндігін айтып, барлық көтерілген мәселе назарға алынып, алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
Сонымен қатар, жиынды пайдаланып аудан әкімінің орынбасары абыз ақсақалдарымыздан ауыл-аймақты таза ұстау мақсатында насихат жұмыстары арқылы қолдау көрсетуін сұранып, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып жүрген ұйым төрағаларына алғысын білдірді.
Ұсыныс-пікірлерін тыңдаған аудан әкімінің орынбасарына ұйым төрағалары ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын берді.