Отырар: ауылшаруашылық бойынша үш жақты келісім көрсеткіштерінің орындалуы мен инвестиция тарту жұмыстары талқыланды

0

Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округтерінің әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, жауапты сала мамандары қатысты. Жиынның күн тәртібінде үш мәселе қаралды.

Мәжілісте алдымен ауылшаруашылығы бойынша үш жақты келісім көрсеткіштерінің орындалуы мен инвестиция тарту жұмыстары туралы аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы  бөлімінің басшысы Сыздық Батырбек Асқарбекұлы баяндады.

Жалпы жыл басында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен «Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған даму бағдарламасы және еңбек өнімділігін арттыру» бағытында аудан көлемінде ауыл шаруашылығы саласын дамыту көрсеткіштері айқындалып, орындалу жоспары бекітілген. Оның ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін арттыру, ауыл шаруашылығының негізгі капиталы мен тамақ өндірісіне салынған ивестициялар, егіс көлемін ұлғайту, су үнемдеу технологиясын енгізу секілді бірқатар салалар бар. Қазіргі таңда жоспарға сәйкес ауылшаруашылығы бойынша үш жақты келісім жасалып, осы бағытта тиісті жұмыстар атқарылуда. Жиын барысында бөлім басшысы кейбір салалар бойынша жұмыстар кенжелеп жатқанын айта келе, ауыл округтеріне жұмыстарды тиісті деңгейде ұйымдастыруға тапсырма беруді сұрады.

Аудан басшысы күн тәртібіндегі мәселе бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, аталған жұмыстардың орындалуын қадағалауды жауапты сала басшыларына жүктеді. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін және өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды арттыруға күш салу керектігін айтты.

Мұнан соң күн тәртібіндегі екінші мәселе — елді мекендерді ауыз сумен қамту  мәселелері және термальды жер асты суының жағдайы қаралды. Аталған мәсеге байланысты аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нәлібай Саттар Жұмаділдаұлы хабарлама жасады.

Отырар ауданында 38 елді мекеннің 35-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Ал, Бестам елді мекенін ауыз сумен қамту жүйесінің құрылысына республикалық бюджеттен 2023-2024 жылдарға тиісті қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары аяқталған. Бүгінгі таңда елді мекеннің ішкі ауыз су тарату және абоненттік желілері толықтай тартылып ауыз су берілуде. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2024 жылдың шілде айы, қазіргі таңда нысанды қабылдау үшін тиісті жұмыстар атқарылуда.

Сондай-ақ, Қарақоңыр ауыл округі Сырдария елді мекенін ауыз сумен қамту құрылысына  жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, жобаны жүзеге асыру үшін Түркістан облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шарушылық басқармасына өтінім берілген.

Мұнан бөлек Балтакөл ауыл округіндегі Ақкөл елді мекенінің жер асты су қоры анықтау үшін Түркістан облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шарушылық басқармасымен тиісті шаралар атқарылып, Ұлттық сараптама орталығынан ауыз су үлгілерін зеттеру хаттамасы алынған. Ақкөл елді мекенін ауыз сумен қамту жұмыстарын жеделтету мақсатында 2023 жылдан жобалаушы «МПК-Проект» ЖШС-мен түзілген меморандумға сәйкес жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Күн тәртібіндегі мәселелердің барлығы да өзекті екенін айтқан аудан әкімі, сала басшыларына атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы әрі мерзімінде аяқталуын қадағалауды тапсырды.


ПІКІР ЖАЗУ