Кентау: қала әкімі жандос тасов тұрғындармен кездесті

0

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов жоспарға сәйкес кезекті кездесуінде қала тұрғындарымен кездесті.

Қаладағы Д.Қонаев даңғылы №23,25,27,29 көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларына атқарылып жатқан жол құрылысы барысын бақылап, тұрғындардың мәселесін тыңдады.

Аталған көпқабатты тұрғын үйдің ауласы елу жылдан аса құрылыс жұмысын көрмеген. Биыл қала әкімі Жандос Қалмырзаұлының тапсырмасына сәйкес, аулаларға асфальт салу, ретке келтіру жұмыстары жүзеге асырылуда. Кездесуде тұрғындар қала басшысына ризашылығын жеткізіп, бірқатар ұсыныстарын жолдады.

Қала әкімі ең қажетті жол мәселесін реттеп, балалар ойын алаңшасын орнатуға жоспар жасалынғанын атап өтті. Барлығы кезең — кезегімен жүзеге асырылатынын түсіндірді. Сонымен қатар, тұрғын үйге жүргізілген құрылыс жұмыстары бес жылға дейін кепілдігі болғандықтан, кеткен кемшіліктерді қалпына келтіруге жұмыс жасауға міндетті. Ол бойынша тұрғындар тарапынан мекемеге өтініш жазу керектігі айтылды.

Сондай-ақ биылғы қыз мезгілінде қатты дауылды жел салдарынан шатыры ұшып, тұрғын үйге зақым келген Д.Қунаев 27-ші үйге шұғыл жөндеу жұмыстары жүргізілген. Аталған үй осы сәтке дейін ешбір құрылыстан өткізілмеген. Оқиға салдарынан кейін, қала басшысы тікелей өз бақылауына алып демеушілер тарапынан толықтай жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтірілген болатын.

Кездесуге барлық сала мен мекеме басшылары да қатысып, тұрғындар тарапынан түскен сауалдарға жауап берді.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ