Кентау: білім нысандарының табиғи газға қосылу барысындағы дайындығы бақыланды
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қаладағы бірқатар білім нысандарын аралап, ондағы көгілдір отынға қосылу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылап шықты. Кейбір мектептерде жүргізіліп жатқан жұмыстардан кемшіліктер анықталып, ол бойынша тиісті салаға тапсырма берді. Қара күзге дейін аталған оқылықтарды реттеп, қысқы маусымға білім нысандары дайын болу керектігін ескертті.
Сондай-ақ бірінші кезекте қауіпсіздік шарасына назар салу керектігін атап, жұмысты сапалы әрі уақытында атқару қажет, деді.
Жалпы, қалада қалалық білім беру бөліміне қарасты мемлекеттік 40 білім нысаны бар. Оның ішінде 28 мектеп, 32 балабақша, 3 мектептен тыс мекеме бар.
Мемлекеттік мектептің 23-і де типтік үлгідегі ғимаратта орналасқан. Осы күнге дейін орталықтандырылған жылу жүйесіне– 26 мекеме қосылса, автономды — 14 мекеме шағын қазандықпен жылытылған.
2023 жылы – 2 мектептің жылыту қазандықтары қатты отыннан табиғи газға ауыстырылды. Олар: «Д.Қонаев» атындағы мектеп пен «А.Молдағұлова» атындағы №19 мектеп.
Бүгін де газдандыру жұмысы жүргізіліп жатқан 11 мектептің екеуіне ескі қзандық ғимараттарына жөндеу жұмысын жасау арқылы қойылса, қалған 9 мектепке модульді қазандық қойылуда. Сондай-ақ 7 бала-бақшаның 2-уі ескі қазандыық жайларына жөндеу арқылы орнатылса, қалған 5 балабақшаға модульді қазандық қойылуда.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі