ШЫМКЕНТ: «Қазғұрт» шағын ауданында инфекциялық стационар ашылды

0

Шымкентте тағы 100 орындық инфекциялық стационар ашылды. «Қазғұрт» шағын ауданында ашылған орталықта коронавирус және пневмонияға шалдыққан науқастар емделеді. Бұл үшін мұнда өкпені жасанды желдету, боброва, оттегі нүктелері мен инфекциялық ауруға шалдыққан науқастарды емдеуге арналған жабдықтар орнатылған.

Денсаулық сақтау мекемесінің жұмыс барысымен қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан арнайы барып танысты. Науқастарды емдеуге арналған дәрілік қордың жеткілікті болуын қадағалауды салалық басқарма басшысына тапсырды. Сонымен бірге медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін сақтау мақсатында арнайы киімдермен қамтылуын айтты.

«Klinika QaZygurt» медициналық орталығының базасында ашылған инфекциялық стационарда 10 орынға арналған жансақтау бөлімшесі бар.

Қазір мұнда 22 науқас жатқызылып, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде көмек көрсетілуде.

Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 7292 адам вакцина алды (I компонент-2286, II компонент-5006). Егу науқаны басталғалы барлығы 376 523 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 289 592 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Айта кетейік, медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға шақырады.

ПІКІР ЖАЗУ