The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

ТҮРКІСТАН: Кентауда ұрпақ тәрбиесі жайында алқалы кеңес өтті

Кентау қалалық Ардагерлер ұйымы «Әкелер мектебі» және Әжелер алқасының ұйымдастыруымен «Ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс» атты семинар кеңес өтті.

Алқалы жиынға қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова, Түркістан облысы Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Раманқұлов, қалалық Ардагерлер ұйымының төраға міндетін атқарушы Мамыржан Юлдашев, Әжелер алқасының төрайымы Роза Жұмабекова, мектеп басшылары мен білім ордаларының «Әкелер мектебінің» төрағалары, психолог-социолог мамандары, ата-аналар қатысты.

Жиында ұрпақ тәрбиесінің қазіргі қоғамдағы маңыздылығы, жастардың дамуы, отбасындағы баланың тәлім-тәрбиесі жайында ой қозғалып, маңызды әңгімелер айтылды.

Ұрпақ тәрбиесі қоғамдағы басты назарда болып, әрбір ата-ана бала тәрбиесіне мән беру керектігі, мектептерде тәрбие жайында жиындарды жиі ұйымдастырып, мемлекеттің жарқын болашақтарына дұрыс білім берумен қатар, тәрбиесіне аса мән беру керектігі ұсынылды.

Ұқсас жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің халықаралық жобасы Алматыдағы туристік орындарда түсірілді

admin

Түркістанда мүгедектікке шығарып беремін деп, екі бірдей тұрғынды алдаған алаяқ әйел ұсталды

admin

Елімізде утильалым құны азая ма? – министр жауабы

admin