The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Биыл Түркістанда 45 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек

Түркістан қаласында өткен жылдың қорытындысымен асфальт жолдардың үлесі 383,9 (45,4%)  шақырымды құраған болатын. Сондай-ақ, соңғы үш жылда шаһар аумағындағы топырақ жолдардың шешімі табылды.

Жалпы қала аумағында 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Биыл оның 50,8 шақырымды құрайтын 45 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 23,8 шақырымды құрайтын 20 көшенің орташа жөндеу жұмыстарына қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары бастау алды. Аталған жол сапасын жақсарту мақсатында жасалған жұмыстарға қаржы толықтай бөлінген жағдайда, 45 көшенің құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айында аяқталады. Нәтижесінде жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдар үлесін 51,4%-ға жеткізу көзделіп отыр.

Ал келесі жылы 50,5 шақырымдық 77 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Аталған жөндеу жұмыстары іске асқан жағдайда, жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдар үлесі 57,4%-ға жетіп, асфальт жолдар ұзындығы 485,2 шақырымды құрайды.

Ұқсас жаңалықтар

35 мың теңгеге дейін: Республика күні кім төлем алады?

admin

ТҮРКІСТАН: Келесте полиция жауынгерінің есіміне берілген «полиция сыныбы» ашылды

admin

Түркістан: Төлебиде даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешені ашылды

admin