The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістанда ашық аспан астында «Алтын күз әуендері» атты мерекелік шара ұйымдастырылды

Түркістан қаласында «Алтын күз әуендері» іс-шарасы басталды. Ашық аспан астында ұйымдастырылған концерттік бағдарлама шаһардағы «Жібек жолы» саябағында өтті. «Түркі әлемінің туристік астанасы» атанған тарихи шаһарда аталған күзгі концерттік бағдарлама алдағы уақытта да әр секторда жалғасады деп жоспарлануда.

Мәдени шарада Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашты. Қазақтың ұлттық аспаптарымен патриоттық және эстрадалық бағыттағы әсем әндер шырқалды. Саябақта серуен құрған қала тұрғындары мен қонақтары сахнаға шығып караокемен ән айтып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Яссы» би ансамблінің бишілері «Әгугай», «Шабыт» биін билеп, кештің көркін аша түсті.

Мәдени шараның негізгі мақсаты – қаншама ақынның жырына, жазушының қаламына арқау болған құбылмалы мезгілде қала тұрғындары мен туристерінің жанын жадыратып, қуаныш пен шаттық сыйлау. Ашық аспан астындағы ән тыңдармандары көңілді кештен керемет әсер алып, келуге тағы ниетті екендерін білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.

«Алтын күз әуендері» концерттік бағдарламасы 6-қыркүйек «Әл Фараби» аллеясы, 12-қыркүйек «Керуен Сарай» кешені, 13-қыркүйек «Жеңіс саябағы», 20-қыркүйек Бекзат секторындағы «Жаңа саябақ», 27-қыркүйек Бекзат секторындағы «Жаңа саябақта» сағат 17:00-де өтеді.

Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарын көңілді кештің қонағы болуға шақырамыз.

Ұқсас жаңалықтар

Қаңтар қорытындысы: Қазақстанда жылдық инфляция 12% деңгейінде тұрақтады

admin

Дархан Сатыбалды Түркістандағы бес қабатты тұрғын үйлердің құрылысын бақылады

admin

Қазақстан инновацияда 81-орында: Саясат Нұрбек жүйедегі негізгі проблемаларды атады

admin