The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістанда «AI көмегімен сайттар жасау» бойынша WORKSHOP өтті

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Қазақстан цифрландыру саласында қол жеткізген жетістіктерін еселей түсуге тиіс»екендігін айтқан болатын. Осы ретте Түркістан облысында цифрландыру, IT, интернет саласын дамыту бойынша ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.

Бүгін Turkistan hub-та облыстық Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен «AI көмегімен сайттар жасау» туралы Workshop өтті. Воркшопта Алматы қаласындағы Халықаралық IT Университетінің (МУИТ) түлегі спикер Мұхамеджан Бөрібек эксклюзивті мастер-класс көрсетті.

-Бүгінгі іс-шарада кәсіби сайттарды жасанды интеллекттің көмегімен жасау әдістері айтылды. Ақылды құралдармен код жазу әлемін білуге болады. Сондай-ақ сайтты бірегей ететін әсерлі анимацияларды қалай жасау керектігін түсіндірдік. Воркшопқа заманауи технологиялар туралы көбірек білгісі келетін тәжірибелі жастар жиналды сөзсіз, — деді спикер.

Айта кетейік, келесі жылы Астанада “Жасанды интеллект” ұлттық орталығы іске қосылады деп жоспарлануда. Аталған орталық оқушылар, студенттер, ғалымдар және кәсіпкерлерге арналған мүмкіндіктер алаңына айналмақ.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «Үлгілі ауыл» атанған ауылда жаңа әлеуметтік нысан салынады

admin

Жамбыл: полиция ауласында 2 тоннаға жуық есірткі өсірген азаматты анықтады

admin

Шымкент полицейлері балалар үйінің тәрбиеленушісінің арманын орындады

admin