Төлебиде футбол алаңы ашылып, жасөспірімдер арасында алғашқы турнир өтті

0

Төлеби ауданы Сұлтан Рабат елді мекенінде спорт алаңы пайдалануға берілді. Округ тұрғындары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ететін алаңға «Бірлік» атауы берілді. Заманауи спорт алаңы барлық стандарттарға сай салынған. Құны 14 млн теңгені құрайды.

Бүгін алаңның салтанатты ашылуы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, Киелітас ауылдық округі әкімінің орынбасары Нәби Садықбеков қатысып, ізгі тілектерін жеткізді. Футболдан балалар арасында Сұлтан Рабат мектебінде ұзақ жылдар бойы басшылық еткен, ұлағатты ұстаз Ирисмат Тойчиевті еске алуға арналған турнир өткізілді.

Жалпы ауданда 206 спорт ғимаратты жұмыс істейді. Бүгінде футбол инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасау үшін арнайы жобалар қолға алынды. Аудан бойынша балалар мен жасөспірімдерге 137 кәсіби жаттықтырушы-мамандар бар. Жалпы 360 топта 4600 оқушы жаттығу сабақтарынан білім алуда.

Тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етіп жүрген азаматтарға аудандық мәслихаттың, ауылдық округ әкімінің «Алғыс хаты» табысталды. Футболдан өткен ашық турнир қорытындысымен жеңімпаз командалар марапатталды.


ПІКІР ЖАЗУ