Қазақстан театрларының ТМД елдері арасында беделі жоғары — Ербол Хабылбеков

0

Қазақстан театр өнерінің ТМД елдері арасындағы беделі жоғары. Бұл туралы Kazinform тілшісіне Қ·Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының директоры Ербол Хабылбеков айтты.

— ТМД елдерін алғанда, қазақ театрлары белсенді және алдыңғы қатарында екенін сеніммен айта аламын. Мысалы, өткен жылы Қырғызстанда Арт Ордо атты халықаралық фестиваль өтті, сонда театр ұжымы «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» спектаклімен гран-при жүлдесін ұтып алды. Сонымен қатар, Қазақстанның басқа да театрлары халықаралық сахнада үнемі үлкен жетістіктерге жетіп жүргені белгілі, — дейді театр басшысы.

Театрдың жетістіктеріне қатысты театр әртісі, қоғам қайраткері Қуандық Қыстықбаев та пікір білдірді. 

Әртіс театрдың болашағы туралы ойларын бөлісті. Оның айтуынша, театрдың жетілуі үшін режиссерлер саны жеткіліксіз болып отыр.

— Бізге режиссер кадрлардың санын көбейту қажет. Бұрын бұл салада мамандардың белсенділігі жоғары еді, алайда қазір олардың қатары сиреп қалғаны сезіледі. Бұл бағытта көбірек маман тәрбиелеуіміз керек. Тек сол кезде ғана халықаралық аренада өз орнымызды нықтай аламыз, — деп атап өтті Қуандық Қыстықбаев.

Айта кетейік, 11 қыркүйекте Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының 34-ші маусымы басталды.

Жаңа маусым шымылдығы дәстүрлі түрде М.Әуезовтің «Абай» қойылымымен ашылды.


ПІКІР ЖАЗУ