The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

РЕФЕРЕНДУМ: ОБЛЫСТЫҚ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ДАУЫС БЕРДІ

Мерейлі отбасы облыстық байқауының І орын иегері Меңлібаевтар отбасы референдумға келіп, өз таңдауларын жасады. Олар Сарыағаш ауданындағы №682 дауыс беру учаскесіне барып таңдауларын жасады. Отағасы Есіркеп Меңлібаев 74 жаста. Ал жұбайы Орынкүл Меңлібаева зейнеткер, «Алтын алқа» иегері. Үлгілі отбасы 3 ұл, 4 қыз, 22 немере, 11 шөбере тәрбиелеп отыр.
Айта кетсек, Түркістан облысында 1 млн 180 мыңнан астам адам дауыс беруге құқылы. Өңірде 17 аудан-қала бойынша 945 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен сөйлесті

admin

Қазақстанда криптобанктер ашылуы мүмкін

admin

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бір жылда 0,6%-ға төмендеген

admin