The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 13 жасар қызды аяққа тұрғызды

Түркістан облыстық балалар ауруханасына Сарыағаш қаласынан 13 жасар қыз баласы жеткізілген. Ауыр халде түскен пациентте қимыл қозғалысының шектелуі, аяқ-қолдарының салдануы, жамбас қуысының функциясының бұзылыстары байқалған.

Жағдайының ауырлығына байланысты науқас жедел түрде  жансақтау бөліміне жатқызылды. Бұл жағдай өте қауіпті және шұғыл медициналық араласуды қажет етеді. Жоғары технологиялық тексерулер өткізген дәрігерлер науқасқа «Жедел таралған энцефаломиелит» диагнозын қойды.

Мұндай сирек кездесетін неврологиялық бұзылыс көбінесе вирустық немесе бактериялық инфекциядан ауырып өткеннен кейін 7-14 күн аралығында пайда болады дейді мамандар.

Дер кезінде сырқаты анықталған науқасқа дәрігерлер иммуномодуляторлар, қабынауға қарсы препараттар емін жасаған. Нәтижесінде, емделушінің денсаулық жағдайы жақсарды. Барлық бұлшықет күші, қимыл-қозғалысы қалыпқа келе бастады. Аяқ-қолы салданып қалған жасөспірімге Түркістан облысының штаттан тыс бас балалар неврологы Әлібаев Әбілқайыр және жансақтау бөлімінің меңгерушісі Абетаев Нұрлыбек емдеу шараларын жүргізіп, оң нәтиже берді.

Осылайша, Түркістан облыстық балалар ауруханасының жоғары білікті дәрігерлері науқас өмірін құтқарып, оны қалыпты өмірге қайтарды.

Ұқсас жаңалықтар

Жайлы мектеп: нұршуақ шағынауданында 2 мың орындық мектеп салынуда

admin

Шымкент: қарасора өсіретін фитолаборатория жойылды

admin

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халқымыз бұл Жеңіске өлшеусіз үлес қосты

admin