The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістанда «кедергісіз келешек» жобасы аясында спорт сайысы өтті

Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында балаларға арналған «Тең мүмкіндіктер» инклюзиялық спорт фестивалі өтті. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Әйелдер қанатының бастамасымен өткізілген фестивальге облыс әкімдігінің бірқатар басқармалары қолдау көрсетті. Фестивальдің ашылу салтанатында Түркістан облысы әкімнің орынбасары Ертай Алтаев сөз алып, белсенді өмір салтын ұстануға бекінген балақайларға берекелі жеңіс жолын тілеп, жарыстан үздік шығуларына тілектестіктерін жеткізді.

Аталған шараның мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен олардың дені сау құрдастары арасындағы достық байланыстарын нығайту, балалардың әлеуметтік белсенділігін, сенімі мен өзара сыйластықтарын арттыру.

Фестивальдің Түркістан облысында өтетін кезеңінде Түркістан, Кентау қалалары мен Бәйдібек, Ордабасы, Сауран аудандарынан барлығы 10 команда қатысты. Жарысқа  әр ауданнан кіші және аға санат бойынша екі командадан қатыстырылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Арыста аустралиялық әдіс бойынша 50 мың басқа арналған ірі қараны бордақылау алаңы салынуда

admin

Қызметтік иттің көмегімен жоғалған 10 жасар бала табылды

admin

Экология министрі биыл жаздың қандай болатынын айтты

admin