The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістанда дәрігерлер балаларға сирек кардиохируриялық ота жасауда

Түркістан облыстық балалар ауруханасында дәрігерлер кардиохирургиялық сирек ота жасауды қолға алған. Күрделі ота еліміздің бас балалар кардиохирургі, «University Medical Center» корпоративтік қоры балалар кардиохирургиясы бөлімінің меңгерушісі, Дмитрий Горбуновтың қатысуымен өтіп жатыр. Тәжірибе алмасу жұмыстары Түркістан облысының балалар кардиохирургиясы дамуының 10 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Сондай-ақ облыстық балалар ауруханасында «University Medical Center» корпоративтік қоры, балалар кардиологы, педиатрия бойынша медициналық директоры Иванова-Разумова Татьяна бастаған бір топ білікті мамандардың қатысуымен жүрегінде ақауы бар балаларға диагностикалық тексерулер жүргізіліп, консультация беру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, 10 жыл ішінде балалардың туа біткен жүрек ақауларына 3020 ота жасалды, 2023 жылы 131 ота және 2024 жылдың 9 айында 108 ота жасалды. Шеберлік сынып аясында 13 күндік нәрестенің критикалық туа біткен жүрек ақауын жасанды қан айналымы жағдайында түбегейлі түзету бойынша ота жасау жоспарлануда.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда дау тудырған 40 қабатты ғимараттың құрылысы тоқтатылды

admin

Мобильді аударымдар: 2026 жылдан бастап кімнің шоты тексеріледі?

admin

Казинодан 4 млн теңгеден астам ұтыс ұтқан әке алименттен жалтарып жүр

admin