The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Шымкентте гигиеналық құралдар шығарылады

«Билал» өндірістік кооперативі 1997 жылы құрылған. Бүгінде тарихы терең, серіктестерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан компания. Алғашында гигиеналық құралдардың түрлерін шығара бастаған.

Ал қазір кәсіпорын жұмсақ лосьоны бар әмбебап ылғалды майлықтар шығарумен айналысады. Оны «Luna Fresh» сауда таңбасымен сатылымға шығарады.

«Luna Fresh» ылғалды майлықтары теріні тазартады және сергітеді. Бұл қолдың, бет пен дененің терісіне күнделікті күтім жасау үшін өте қолайлы. Майлықтар антибактериалды лосьонмен сіңдірілген жұмсақ сырғымайтын материалдан жасалған. Компания бір реттік майлықтарды — 15, 25, 72 және 120 данадан тұратын пакеттерді дайындады. Дайын өнімдер дәріханаларда, емханаларда және қарапайым дүкендерде сатылады.

— Қазіргі уақытта компанияда 30-дан аса жұмысшы бар. Олардың әрқайсысы біздің компанияның дамуы үшін барын салады. Өнімдердің сапасын үнемі бақылап отырамыз және клиенттерімізге жоғары сапаға 100% кепілдік береміз, — дейді компания басшысы Гаджи Гаджиев.

Мекеме «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасы арқылы төмен пайызбен айналым қаражатын толықтыруға және жабдықты сатып алуға несие алады. Бүгінгі күні компания дизайны басқа қосымша өнімдерді шығаруды жоспарлап отыр.

Басты мақсаттарының бірі Орталық Азиядағы өнімдер нарығын жаулап алу және Қазақстанның ең жақсы және бәсекеге қабілетті кәсіпорындарының бірі болу дейді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентке қытайдың Vero Cell Sinopharm вакцинасының 40 мың дозасы жеткізілді

admin

17 жастағы жасөспірім адам қолынан қаза тапты

admin

ШЫМКЕНТ: Қоғамдық көліктердің саны артуда

admin