Түркістан облысы әкімінің орынбасары тұрғындарды жеке қабылдап, өтініштерін тыңдады

0

Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдау тұрақты өткізіліп келеді. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев өзі жетекшілік ететін салалар бойынша өңір тұрғындарын кезекті рет жеке мәселелерімен қабылдады. Жалпы 15-ке жуық тұрған жазылған. Онда көтерілген мәселелердің бірі сол мезетте шешімін тапса, бірінің оңтайлы шешілуіне уақыт қажет.

Қабылдау барысында жұмыс сұраған тұрғындарға бос жұмыс орындары ұсынылды. Ұлының денсаулығына алаңдаған анаға жан-жақты зерделеніп, қолдаулар көрсетілетіні айтылды. Келестік азамат өз ауданына емхана салып беруді сұраса, ордабасылық тұрғын аудандық аурухана дәрігеріне шағымданды.  Ал әлеуметтік және жеке мәселелер бойынша келген тұрғырдарға  демеушілер тарапынан жәрдемдер (қаржылай, азық-түлік) беру жағы қарастырылмақ. Түркістан қаласын абаттандыру, көркейту туралы ұсыныстар да айтылды. Тағы бір тұрғын мектептердегі ыстық аспен қамтамасыз етуге ұйымдастырылған мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне көңілі толмайтынын жеткізді. Сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи туралы кинофильм түсіру жайы талқыланды.

Облыс әкімінің орынбасары жеке қабылдауда тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе хаттамаға енгізіліп, заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты. Кез келген мәселе назардан тыс қалмайды, өтініштер бақылауға алынады. Жауапты басшыларға мәселелерді зерделеп, шешуді тапсырды.


ПІКІР ЖАЗУ