The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Геннадий Головкин ХОК өкілдерімен кездесу өткізді

 Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин және бас хатшы Әлімжан Ақаев ресми іс-сапармен Лозаннаға (Швейцария) барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан ҰОК басшылығы Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) штаб-пәтеріне барып, ұйым өкілдерімен кездесу өткізді.

Сапар барысында 2025 жылға дейін Олимпиадалық қозғалысты дамыту бағыттары, алдағы Олимпиада ойындарына дайындық пен оны өткізу мәселелері, сондай-ақ 2024 жылы Қазақстан ҰОК атқарған жұмыстардың қорытындылары талқыланды. Қазақстандық делегация алдағы жылдарға арналған негізгі жоспарлары, оның ішінде 2028 жылғы Олимпиадаға дайындық бағдарламасымен бөлісті.

Сонымен қатар, Геннадий Головкин мен Әлімжан Ақаев ХОК мүшелерімен және ХОК Атқару комитетінің отырысына, сондай-ақ олимпиадалық саммитке қатысу үшін Лозаннаға келген басқа да халықаралық спорт ұйымдарының өкілдерімен кездесті.

Ұқсас жаңалықтар

Более 5000 алматинцев поддержали референдум в рамках концерта «ALGYS FEST»

admin

ТҮРКІСТАН: Келестік ұстаз әлем тілдерінен 100-ден аса өлеңді қазақ тіліне аударған

admin

Сауран ауданы әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев Оранғай ауылдық округіндегі төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары барысымен танысты

admin