The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Ислам ипотекасына қаржы қайдан беріледі?

 «Отбасы банк» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Ислам ипотекасы бағдарламасына іске қашан қосылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналист «Сіз қарашада Ислам ипотекасы іске қосылуы мүмкін екенін айттыңыз. Қазір жоспар нақтыланды ба? Оның қандай талаптары болады? Ипотека алатын адам мұсылман болуға тиіс пе?» деп сұрақ қойды.

Бұл жұмысты сарапшылармен ақылдасып, енді кірістік. Біздің арнайы заң бойынша жаңа жоба жасауға бола ма, заңдарға өзгеріс керек пе деген сұрақтарды талқылап жатырмыз. 2025 жылы Ислам ипотекасын іске асыру жоспарымыз бар. Қазір жұмыс жалғасып жатыр, – деді Ибрагимова үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Отбасы банк басшысы қаражат көзі қайдан тартылатынын айтты.

Жоба біткен соң 50/50 пайыз болса, оның жартысы салымшылардың ақшасын, ал 20-30 пайыз болса, қаржыны Ислам банктерінен тартамыз. Қазір ауқымды сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді банк басшысы.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Баспана кезегінде шынымен мұқтаж азаматтар ғана болуы керек екенін айтқан еді. Сондай-ақ Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Елімізде ұзақ уақыт бойы үй кезегінде тұрғандардың мәселесі қалай шешілетінін айтты. Сонымен қатар Отбасы банк төрағасы Ләззат Ибрагимова елімізде қандай ипотекалық бағдарламалардың жүзеге асып жатқанын айтқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Түрмедегі Күдебаевқа жағдай жасап отырғандар жазалана ма?

admin

2026 жылы МӘМС жүйесінде қандай өзгерістер болады?

admin

Шымкентте кәріз жүйесінің қуаттылығын арттыратын жоба жүзеге асырылады

admin