The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтары қойылды

Алматыда Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлады қала әкімдігі.

Салтанатты рәсімге қала әкімі Ерболат Досаев, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушылар, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдары өкілдері қатысты. Олар Қазақстанның тәуелсіздігі жолында өз өмірін қиып, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Рәсім Алматы өңірлік гарнизоны әскери-үрлемелі оркестрінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындауымен аяқталды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: 2025 жылы сарыағаш қаласының 102 шақырымдық айналма жолының құрылысы басталады

admin

Ресейдің ескі көліктері Қазақстанда тағы көбейе ме?

admin

ТҮРКІСТАН: терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

admin