Бірыңғай уақыт белдеуінен не ұтамыз?

0

 Өтіп бара жатқан ұлу жылының басты жаңалықтарының бірі – Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне өтті. Бұл өзгеріс қоғамда қызу пікір-талас тудырып, петиция жариялауға дейін барған еді. Дегенмен, бүгінде нақты шешім қабылданып, еліміздің барлық өңірі бір уақытпен күн кешетін болды. Бірыңғай уақыт белдеуінің елімізге қандай пайдасы мен нендей зияны бар? Қазақстандық ғалымдар енді осыны анықтауға кіріседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«BAQ.KZ» ақпараттық агенттігінің YouTube арнасындағы «Мінбер» жобасы бұл тақырыпты кездейсоқ таңдап отырған жоқ. Себебі бірыңғай уақыт белдеуі қазір қоғамда қызып тұрған тақырыптардың бірі. Уақыттың өзгеруі тұрғындар денсаулығына қалай әсер етеді? Бұл жаңашылдықтан не ұтамыз? Оны зерттеуге кімдер жауапты? Бұл сұрақтарға «Мінбер» студиясында Ғылым және жоғары білім министрлігінің басқарма басшысы Ренат Елшібеков жауап берді.


ПІКІР ЖАЗУ