The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықСпорт

Әлия Юсупова Президентке спорт саласында бірқатар ұсынысын жеткізді

Мемлекет басшысы Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Әлия Юсупованы Қазақстан гимнастика федерациясының президенті болып қайта сайлануымен құттықтады.

Кездесуде елімізде көркем гимнастиканы дамыту перспективасы талқыланды. Президентке федерацияның қазіргі жұмысы мен алдағы жоспары туралы ақпарат берілді. Әлия Юсупова спорт саласындағы кейбір өзекті проблемаларға қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді. Федерация басшысының айтуынша, балаларды гимнастикаға ерте жастан баулу үшін кешенді жұмыс атқарылуы керек, — делінген Ақорда хабарламасында. Қасым-Жомарт Тоқаев сала инфрақұрылымын дамыту және жаттықтырушыларды даярлау ісінде Туризм және спорт министрлігімен тығыз қарым-қатынас орнату қажет екенін айтты. Бұған дейін Әлия Юсупова гимнастика федерациясының басшысы қызметіне қайта сайланғанын хабарлаған болатынбыз.

Ұқсас жаңалықтар

Атырауда жауған «лас жаңбыр» тұрғындарды әбігерге салды

admin

Сайрам: Кәсіпкерлік нысандардың иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді

admin

Тоқаев заңсыз алынған активтерді елге қайтару туралы заңға қол қойды

admin