The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Жетісуда есірткі зертханасы анықталды

 Жетісу облысы Ескелді ауданында полиция, прокуратура және ҰҚКД-мен бірлесіп синтетикалық есірткі шығаратын жасырын зертхананың көзін жойды. Шетелдіктер мен олардың астаналық сыбайласы қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі шетелдік өз «қамқоршысының» тапсырмасымен заңсыз өндіріс ұйымдастыру үшін Қазақстанға келген.

«Тінту барысында есірткі дайындайтын жабдықтар, 6,4 келіден астам мефедрон және әрі қарайғы өндіріс үшін прекурсорлардың қалдықтары бар 200 литрлік реактор табылды. Шетелдіктер мен олардың астаналық сыбайласы қамауға алынды. Қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтау шаралары жалғасуда, — делінген полиция хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: өңір қолөнершілерінің жұмысы жанданады

admin

Түркістанда шәкірті 42 елден шақырту алған ұстазға облыс әкімі көлік сыйлады

admin

Елімізде алимент төлемей жүрген қанша әйел бар екені белгілі болды

admin