The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

СҚО-да полицейлер такси жүргізушілерін тексерді

Облыста қоғамдық тәртіпті сақтауға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және шетелдіктердің көші-қон заңнамасын сақтауына бағытталған «Заңсыз келуші – таксист»жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жолаушыларды тасымалдаушылар іс-шара кезінде полицияның назарында болды. Нәтижесінде 11 заңсыз тасымалдаушы анықталды, оның ішінде жақын шет елдердің бірінің 21 жастағы азаматы бар. 

Бұдан бөлек, полицейлер жолаушыларды міндетті сақтандырусыз тасымалдаумен айналысқан 17 жүргізушіні анықтады. Тағы 24 адам техникалық тексеруден өтпеген көліктерімен жолаушылар тасымалдаған, ал 6 адамның көлік жүргізу құқығы болмаған. Әрбір бұзушылық жолаушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. 

Тәртіп сақшылары барлық тасымалдаушыларды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ іс-шара барысында көші-қон заңнамасының түрлі 92 бұзушылығы анықталды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында моншадан шыққан сарқынды су табиғатты ластап жатыр

admin

Бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бірінші орын алды

admin

Түркістанда 110 киловольттық «солтүстік» қосалқы станциясы ашылды

admin