The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Алматыда ерлі-зайыпты атып, қашып кеткен күдікті ұсталды

 Алматыда полицейлер 2024 жылғы 20 желтоқсанда Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған аса ауыр қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарақшылық шабуыл салдарынан ерлі-зайыпты тұрғындар ауыр жарақат алған. Қазір олар ауруханада жатыр. Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Шабуыл жасаған адамның кім екені анықталды. Бұл – Жетісу облысының 38 жастағы тұрғыны. Ол бір күн бұрын ұсталып, қамауға алынды.

Күдікті жақында ғана өзі барып, жаңа жиһаздарын орнатып берген ерлі-зайыптыны тонамақ болғанын мойындады. Сол кезде олардың сейфін байқап қалған. Бетін медициналық маска және шарфпен жасырып, жұма күні таңертең олардың есігінің қоңырауын басқан. Жәбірленушілерді тапаншамен қорқытып, олардан ақша беруін талап еткен. Алайда отағасы көмекке шақыра бастаған. Осы кезде күдікті ерлі-зайыптыны атып, қашып кеткен.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстың басқа да мән-жайлары анықталады.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы облысында тазалық талаптарын бұзғандарға 169 млн теңге айыппұл салынды

admin

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: Түркістанда Ордабасы ауданының мәдениет күндері басталды

admin

Түркістанда облыстық Әзербайжан этномәдени бірлестігі «Еліме мың алғыс» мерекелік іс-шарасын өткізді

admin