The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Тоқаев Дархан Сатыбалдыны қабылдады

 Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасарын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымы басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту, сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасарына нақты міндеттер жүктелді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым салаларын дамыту

admin

Референдум: Түркістан облысының ең қарт тұрғыны таңдау жасады

admin

Сайрам: үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті

admin