The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: Түлкібаста өндіріс орнының әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев аудан аумағында әк өндіруге қызығушылық танытып отырған Қытай елінің «Fujian Yonghuan New Material Techology Co. Ltd» компаниясының өкілі Ван Жиангты арнайы қабылдап, келіссөздер жүргізді.

Қытай елінен келген кәсіпкер аудан аумағында көп жылдан бері қызмет атқарып келген «ҮМІТ-СД» ЖШС-нің жұмысын жандандыру мақсатында кәсіпорынға инвестиция құйып, жаңа технологияларды енгізу арқылы жылына 150 мың тонна әк өндіруді көздеп отыр. Қазіргі таңда аудандық кәсіпорынның кен орнынан жер сынамасын алып, ондағы әк құрамын анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Асқар Сұлтанұлы шет елдік инвесторымен сұқбаттасу барысында  аймақта туризм және ауыл шаруашылығының әлеуеті жоғары екеніне тоқталып, бұл бағытта қызығушылық танытқан жағдайда мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетілетіндігін жеткізді. Сонымен қоса, аудан әкімі жоспарлар іске асқан жағдайда жаңадан ашылатын жұмыс орындарының 95 пайызын аудан тұрғындарынан қабылдау керектігін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Дүниежүзілік атом апталығында АЭС-ке қатысты маңызды мәлімдеме жасады

admin

«Таза Қазақстан» Road-эстафетасында 100 тонна қоқыс жиналды

admin

Шымкент: сантехникалық бұйымдар шығаратын зауыт іске қосылады

admin