The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: Кентауда көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді

Кентауда алтын құрсақты аналарға құрмет көрсетілді. Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов ұрпақ санын арттырып, ел демографиясына үлес қосқан ардақты аналарға ізгі тілегін жолдап, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне төсбелгілерін табыстады.

«Балаларды тәрбиелеудегі еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Ұл-қыздарыңыз тәуелсіз еліміздің дамуына үлес қосар білімді азамат болуына тілектеспін!» – деді қала басшысы.

Айта кетейік, Кентау қаласы бойынша 4491 көпбалалы ана тұрады. Оның 498 – і «Алтын алқа», 1086 – і «Күміс алқа» иегерлері. Батыр аналар – 26 болса, 1-2 дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған аналар саны – 45 құрайды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Сайрамда конституция күніне арналған салтанатты кеш өтті

admin

Астанада халықаралық құсбегілер турнирі басталды

admin

Есірткі жасырып жүрген «курьерді» ұстап алды

admin