The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Арыс: қала әкімі «орталық базардың» жағдайын бағалады

Бүгін Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев «Орталық базарға» арнайы барып, сауда алаңының қазіргі жағдайымен танысты. Әкім базар басшылығымен бірге заманауи стандарттарға сай дамыту және тұрғындар мен кәсіпкерлер үшін ыңғайлы ету бағытындағы жоспарларды талқылады.

Сапар барысында әкім базар аумағын толық аралап, бірқатар маңызды мәселелерге назар аударды. Оның ішінде суағар жүйесін ретке келтіру, автотұрақ мәселесін шешу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жабайы сауда мен жайма сауда қатарларын тәртіпке келтіру сияқты сұрақтарды шешу қажеттігін атап өтті. Бұл бағытта нақты ұсыныстар беріліп, тиісті жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктелді.

Қайсар Маңқараев сауда алаңының инфрақұрылымын заман талабына сай дамыту қажеттігін баса айтты. Әсіресе, азық-түлік, көкөніс-жеміс және құрылыс материалдары сатылатын аймақтарды нақты бөлу арқылы базардың құрылымын жақсарту ұсынылды. Бұл базарды өркениетті сауда алаңына айналдыруға мүмкіндік береді. Саудагерлер мен сатып алушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта құру – басты міндет.

Осыған сәйкес базардың инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында арнайы жиын өткізу жоспарланды. Онда базар басшылығы мен жауапты бөлімдер бірлесе отырып, даму жолдарын егжей-тегжейлі талқылайтын болады. Бұл қадамдар базарды жаңғыртуға және сауда алаңын тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз етуге бағытталмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Өңірлерге қоныс аударатындарға 4,5 млн теңгеден беріледі

admin

2026 жылғы қаңтарда 12 күн демалыс: Қазақстандықтар қалай демалады?

admin

Әлем чемпионатында нысана көздеуден жерлесіміз алтыннан алқа тақты

admin