Арыс: коммуналдық саланың өзекті мәселелері талқыланды
Арыс қаласында халыққа қызмет ететін коммуналдық шаруашылық саласының басшыларымен кезекті алқалы жиын өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаев төрағалық етті. Кездесуге ауыл әкімдері мен жылу, ауыз су, электр энергиясы, көгалдандыру және тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау салаларына жауапты мекемелердің басшылары қатысты.
Жиын барысында әр салада атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен түйткілді мәселелер жан-жақты талқыланды. Әсіресе, қыс мезгілінде коммуналдық қызметтердің үздіксіз әрі сапалы жұмыс істеуі қажеттігіне ерекше көңіл бөлінді. Әкім орынбасары бұл мәселе қала басшысы Қайсар Зәкірұлының қатаң бақылауында екенін атап өтті.
Кеңесте қала мен ауылдарда жүргізіліп жатқан құрылыс нысанды, биылғы жылға өтпелі жобалар және құрылысы жоспарланған жаңа нысандар туралы сөз қозғалды. Ауыл әкімдері мен мекеме басшылары өздеріне жүктелген міндеттер бойынша баяндама жасап, туындаған мәселелерді шешудің тиімді жолдарын талқыға салды.
Жиын қорытындысы бойынша арнайы хаттама толтырылып, барлық ұсыныстар мен тапсырмалар бақылауға алынды.